А.ж. 5 қазаңда Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің студенттері және ұстаздарымен жалпы 200-ден астам кездесу ұйымдастырылды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тілеген Қаскин өз сөзінде азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін нығайту және халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға ерекше назар аударып, барлығын сыбайлас жемқорлықты түбірімен жоюға ықпал ететін белсенді азаматтық ұстанымға шақырды.
Кездесуге қатысушылар сұрақтарына жауап алды, соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы бейнежазба көрсетілді.