Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мобильді топ жұмыс үстінде

Тұрғындарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмауға және барынша азайтуға бағытталған жұмыс туралы кеңінен хабардар ету мақсатында а.ж. 15 наурызда Департаменттің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Ақмола облысы бойынша департаментінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), қоғам  өкілдерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ сапарға шықты.

Жұмыс барысында Қоғамдық қабылдауға Көкшетау қаласының тұрғыны Ю.Г. Карпенко келіп жүгінді, ол қант диабетін, артериялық қысымды, жүрек-қан тамыры ауруларын емдейтін, жеңілдікпен жіберілетін емдеу құралдарының тапшылығына шағымданды.

Азамат Ю.Г. Карпенконың айтуы бойынша, аталған дәрілік заттарды сатып алу қаланың табысы орташа тұрғынына қымбатқа түседі (шамамен айына 20 мың теңге). Мемлекеттік медициналық мекемелер жеңілдікпен өткізілетін дәрілік заттардың жоқтығын мемлекеттік сатып алу жүргізгендегі кідірістерге байланысты деп түсіндіреді.

А.ж. 4 сәуірде Департаменттің бастамасы бойынша Ю.Г. Карпенко Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Г.Е. Құлышевамен кездесті.

Кездесу барысында өтініш иесі қозғаған мәселелердің барлығы бақылауға алынды және жуық арада олар бойынша тиісті шаралар қолданылатын болады.
Департамент госслужбы

0
0
410

Осы тақырып бойынша

Мобильді топ жұмыс үстінде - Yvision.kz