Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үміткерлер сала мамандарымен кездесті

Қызылорда қалалық мәслихат депутаттағына кандидаттар үгіт-насихат жұмыстары аясында бірнеше сала мамандарымен кездесу өткізуде. Мәселен, бүгін Гүлнар Жұмашева, Әбіләзім Әбдіғабит және Айгүл Мұсабаева денсаулық және білім саласының өкілдерімен кездесті. Онлайн негізде ұйымдастырылған шараға аталған бағыт бойынша қызмет атқаратын мамандар қатысып, өз салалары бойынша түрлі ұсыныстар мен пікірлерін ортаға салды.

«Zoom» бағдарламасы арқылы тілдескен кездесуде түрлі мәселелер де көтерілді. Мәселен, медицина саласымен білім саласының қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайымен тұрғын үймен қамтамсыз ету мәселесі бойынша сұрақтар қойылды.

Сондай-ақ, кездесу барысында үміткерлер тарапынан «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы айтылды.

Бағдарлама бойынша медицина ұйымдарын жоғары технологиялық құрылғылармен қамтамасыз ету мәселесін реттеуге басымдық берілумен қатар, 12 білім нысандарына кезең-кезеңмен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мен мұғалімдерді кибер педагогика және қашықтықтан оқыту методологиясы негіздеріне оқыту жоспарлануда.

1
0
140

Осы тақырып бойынша

Үміткерлер сала мамандарымен кездесті - Yvision.kz