Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үміткерлер қала кәсіпкерлерімен кездесті

«Nur Otan» партиясының атынан кезекті үгіт насихат жұмыстары Қызылорда қалалық «Nur Otan» ғимаратында өз жалғасын тапты. Кәсіпкерлермен жасалған атаулы жиынға облыстық мәслихат депуттатығына үміткерлер Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлы, Махашов Бақдәулет Еркінбекұлы және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Кушербаев Дархан Жомартұлы, Ізден Анар Жарылқасынқызы қатысты. Кездесу барысында кәсіпкерлер өндіріс саласындағы бірнеше мәселелердің басын қозғады.

Соның бірі қол өнер саласының маманы қазіргі уақытта облысымызда жастар арасында қол өнер кәсібіне деген қызығушылықтың бәсеңдеп кеткенін атай отырып, түрлі сала мамандарының басын біріктіріп өндіріс орындарының көбірек ашылуы жөнінде өз ұсынысын білдірді.

Осы орайда Ізден Анар Жарылқасынқызы балалар мен жастар құқығын қорғау туралы бастамасын атап өтті. Осылайша үміткерлер кәсіп саласында жүрген мамандарға сайлауалды бағдарламаны насихаттап, сайлаушылар тарапынан түскен түрлі сауалдарға жауап берді.

0
0
143

Осы тақырып бойынша

Үміткерлер қала кәсіпкерлерімен кездесті - Yvision.kz