"Үміткерге сұрақ қой"
Желтоқсанның 21 күні "Nur Otan" партиясы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер М.Ыбраймолдаев партияның желілік кестесіне сәйкес әлеуметтік желі арқылы "Үміткерге сұрақ қой" іс-шарасын өткізді.
Онлайн кездесуде партия үміткері М.Ыбраймолдаев "Nur Otan" - еліміздің жетекші саяси институты екендігін айтты. Сондай-ақ мемлекетімізде орын алған саяси реформалардың да басым бөлігі партияның бастамасымен жүзеге асып отыр деді. Кездесуге жалпы саны 100-ге жуық адам қатысып, сұрақтарын қойды.
