Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Өмірі жырға толы ақын" атты кітап көрмесі

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында,Кішішыған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы, айтыскер ақын Серік Мақұлбекұлы Қалиевтің 60 жасқа толуына орай "Өмірі жырға толы ақын" атты кітап көрмесі жасалынып, "Жырдан шашу шашқан" тақырыбында сторителлинг өткізілді. Максаты: айтыскер ақынның өмір жолы және шығармашылығымен оқырмандарды таныстыру. Серік Қалиев 1961 жылы 16 тамызда Жамбыл облысы. Жамбыл ауданы. Аманкелді ауылында дүниеге келген. 1978-1983 жж жоғары оқу орнында (ЖГМҚИ) оқыған. 1983-2995 жж облыстық, республикалық ақындар айтыстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Өлеңдері 1987 жылы жас ақындардың "Қарлығаш" ұжымдық жинағына (Жалын) енген. Кітапханашы Гүлбақыт Тұралықызы айтыскер ақынның өмір жолдарымен оқырмандарды таныстырып, тақырып бойынша жасалған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

#Ұлттықмұра

0
0
166

Осы тақырып бойынша

"Өмірі жырға толы ақын" атты кітап көрмесі - Yvision.kz