Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Микрокредиттiк ұйымдарды кепiлсiз қаржыландыру қоры құрылады

Микрокредиттiк ұйымдарды кепiлсiз қаржыландыру қоры құрылады

Микрокредиттiк ұйымдарды кепiлсiз қаржыландыру бойынша қор құрылады. Бұл туралы бүгiн Мәжiлiсте ҚР Ұлттық экономика вице-министрi Қайырбек Өскенбаев мәлiм еттi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Бизнестi қолдаудың бiрыңғай бағдарламасы аясында, сондай-ақ, микрокредиттеу бойынша мемлекеттiк қолдаудың жаңа құралдары енгiзiледi. Атап айтқанда, микрокредиттеу бойынша пайыздық ставка субсидияланып, микрокредиттiк ұйымдардың банкке борышына кепiлдiк берiледi. Бұл мемлекеттiк қолдау шаралары жаңа бизнес бастамаларды қолдаудың бiрыңғай бағдарламасының бiрiншi бағыты аясында жүзеге асырылады. Микрокредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау 10 млн теңгеге дейiн iске асырылады, 20 пайыз номиналдық ставканың жартысын мемлекет өтейдi. Микрокредиттiк ұйымдардың борышын кепiлдендiру 500 млн теңгеге дейiнгi кредит бойынша ұсынылады, кепiлдiк ету мөлшерi кредит сомасының 100 пайызын құрауы мүмкiн», — дедi Қ.Өскенбаев. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

 
0
0
812

Осы тақырып бойынша

Микрокредиттiк ұйымдарды кепiлсiз қаржыландыру қоры құрылады - Yvision.kz