«Менің жетістігім – елімнің жетістігі» облыстық байқауының нәтижелерін жариялау рәсімі
Павлодар Достық Үйінде дарынды жастар арасындағы «Менің жетістігім – елімнің жетістігі» облыстық байқауының нәтижелерін жариялау рәсімі өтті. Байқауға үш номинация бойынша әрі қоғамның басқа да салаларында айтарлықтай жетістіктерге жетіп, ерекше көзге түскен азаматтар қатысты. Естелік сыйлықтарды Павлодар облысының әкімі Қанат Бозумбаев мырза табыстады. Осы жылы «Менің жетістігім – елімнің жетістігі» сайысына 52 өтінім келіп түсті. Нәтижесінде үш номинация бойынша: әлеуметтік маңызды қоғамдық қызмет – 30 адам марапатталды, әр номинацияда бес жоғарғы оқу орны мен бес орта білім беру мекемелерінің оқушылары. Сонымен қоса 13 адам ғылымға, көркем өнерге қосқан үлесі үшін марапатталды.
Олардың қатарында – екі жас медицина қызметкері, үш баланың жас анасы, Павлодар облысы мен Қазақстанның намысын қорғап жүрген спортсмендер, Ресейдің Новосибирь облысының жанындағы «Тұрсын» шекара заставасының 2033 әскери бөлімшесінің шекарашы сарбазы және басқалар.
Мысалы, Ертіс ауылының тұрғыны 29 жастағы Әсет Шакимаев әріптесімен мұз астына тайғанап кеткен екінші сынып оқушысын құтқарғаны үшін марапатталды.
Бала құдыққа тайғанап кеткен, ал Әсет әріптесімен дәл сол уақытта жанынан өтіп бара жатқан. Мұнда қыздың құрбылары да болған. Олар сасқалақтап екі жас адамды көмекке шақырған. Әсет өзінің 27-жастағы жолдасымен жағдайды бірден түсініп мұзды судан оқушы қызды құтқарып қалған. Олар қызды бірден жақында орналасқан қонақүй ғимаратына апарып, жедел жірдемді шақырған.
Мұндай керемет жігіттер мен қыздарды марапаттау рәсімін Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпаздары өз өнерлерімен әсемдей түсті.
«Менің жетістігім – елімнің жетістігі» сайысы әржылдық. Бұл сайыс оқуда, қоғамдық бастамаларда, шығармашылық пен спортта айтарлықтай жетістіктерге жеткен шығармашыл жастарды қолдауға бағытталған.
