Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

#Мен_қазақпын

Павлодар қаласында Ұлттық арна ұсынған «Мен қазақпын» мегажобасының іріктеу кезеңі өтеді. Оған қатысуға өңірден 40-тан астам өнерпаз өтініш білдірген. Шараны қолдау мақсатында «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ұжымы мен жергілікті жастар флешмоб ұйымдастырды. Жиналғандар Ертіс жағасында «Қара жорға» биледі. Қала тұрғындары биылғы жаздың басты жаңалығына осылайша қолдау білдірді. «Ұлттық жобаға үн қосу - баршамыз үшін маңызды», - дейді олар.

Айта кетсек, бүгінге дейін іріктеу өткізілген өңірлерде барлығы 459 үміткер өнер көрсетті. Алматы қаласы бойынша - 47, Маңғыстау облысынан - 36, Алматы облысынан  - 43,  Атырау облысынан - 23, Шығыс Қазақстан облысынан - 36, Батыс Қазақстан облысынан - 32, Ақтөбе облысынан - 43, Солтүстік Қазақстан облысынан - 22, Қызылорда облысынан - 28, Қостанай облысынан - 22, Оңтүстік Қазақстан облысынан - 35, Ақмола облысынан - 25, Жамбыл облысынан 33, Қарағанды облысынан 34 өнерпаз бақ сынады.  Іріктеу турынан түсірілген күнделіктер Ұлттық арна эфирінен 9-27 тамыз аралығында көрсетіледі. Ал, жоба көрерменге ағымдағы жылдың 3-қыркүйегінен  бастап  жол тартады.

Дереккөз:  kaztrk.kz

-2
0
253

Осы тақырып бойынша

#Мен_қазақпын - Yvision.kz