Мемлекеттік қызметтің жаңғыртылуы бойынша түсініктеме
А. ж. 29 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының қызметкері Г.Евниева Ақмола облысы Экология департаментінің ұжымымен «Мемлекеттік қызметтің жаңғыртылуы» тақырыбынды кездесу өткізді.
Іс-шара өткізу барысында департамент мамандарына кәсіби және дербес мемлекеттік аппарат құруға бағытталған Мемлекет басшының алғашқы институттық реформаның іске асырылу барысы туралы түсініктемелер берілді. Бос лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізу, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау, "Б" корпусының әкімшілік лауазымдарға қойылатын жаңа үлгілік біліктілік талаптары, мемлекеттік қызметкерлердің тағылымдамадан өту, сондай-ақ, мемлекеттік қызметке алғаш рет түскен адамдар үшін тәлімгерлер бекіту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Кездесуді өткізу барысында туындаған сұрақтарға толық жауап берілді. Іс-шараға 24 адам қатысты.

