«Мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет веб-порталы арқылы алу мүмкіндігі» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен "Жаңа-Ру" жастар коалициясы мен "ХҚКО" РМКның Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен 23 сәуір 2014 жылы сағат 18.00-де "ХҚКО" РМКның Жамбыл облыстық филиалы №1 бөлімінде "Мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет веб-порталы арқылы алу мүмкіндігі" атты "дөңгелек үстел" отырысы өтті. Отырыста мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет порталы арқылы алу мүмкіндіктерін талқылады. Қала тұрғындары мен "ХҚКО-ның" қызметіне жүгінген азаматтардың сұрақтарына тұшымды жауаптар берді. Электронды үкімет порталы 2000-нан аса мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.
