Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қамтамасыз ету Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерінің бірі болып табылады.

«Адал жол – Честный путь» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде ағымдағы жылдың 04 қазанында кәсіпкерлікті қолдау палатасында Есіл ауданының кәсіпкерлерінің қатысуымен «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кездесу өтті.

Есіл ауданының кәсіпкерлікті қолдау палатасы филиалының директоры Т.Әлжанов қатысушыларға  амандасқаннан кейін, жемқорлық – қазіргі заманның мемлекеттің дамуына қауіп төндіретін, экономикалық өсуді тежейтін, әрбір қазақстандықтың бостандықтары мен құқықтарына, тұрақтылығына  әсер ететін басты фактор екенін атап айтты.

«Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы К.Әлжанова,  кәсіпкерлерге мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерін түсіндірді, Қазақстан Республикасының « Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы туралы  қысқаша ақпарат берді.

0
0
282

Осы тақырып бойынша