Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы» МКҚК-де семинар-жиын өткізілді.

Елбасымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының бағыттарын түсіндіру, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды жетілдіру мәселелеріндегі хабардарлықты көтеру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құқықтық механизмі жөнінде тыңдаушылардың білімін қалыптастыру мақсатында Атырау облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы» МКҚК-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті (бұдан әрі - Департамент) семинар-жиын өткізді.
Шараға Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының ұжымы, «Мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау», «Атырау облысының қазіргі кезеңдегі өңірлік саясат» тақырыбындағы біліктілік арттыру семинарының тыңдаушылары, Атырау мемлекеттік университетінің «Экономика және құқық» факультетінің кафедра меңгерушілері, оқытушылары мен студенттері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кездесуде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің орынбасары - Тәртіптік кеңес Төрағасы Мұхит Каримұлы Избанов кіріспе сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясын басшылыққа ала отырып, оны жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшілердің рөлін, соның ішінде жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды айтып өтті.
Өткізілген шара сыбайлас жемқорлық саясатын жүргізу мәселелері жөнінде бірнеше сұрақтарды талқылауға септігін тигізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында білімді меңгеру тыңдаушыларда қазіргі позитивтік ойлауын, жауапкершілікті, сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздікті қалыптастыру мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ тұтас Қазақстан Республикасының оң беделіне ықпал етеді.


Осы тақырып бойынша

«Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы» МКҚК-де семинар-жиын өткізілді. - Yvision.kz