«Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру»
Атырау облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті қоғамдағы құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділікті», сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнаманың шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алу жұмыстарын жалғастыруда.
Ағымдағы жылғы 17 маусымда Департамент қызметкерлерімен Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлкеттік қызметкерлерін қайта даярау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығында «Облыстық басқармалардың, қалалық, аудандық құрылымдық бөлімдерінің басшылары мен мамандарына арналған «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзікті мәселелері» атты семинар өткізілді.
Атырау облысы бойынша қаржы полициясы Департаментінің ҰББ-Инспекциясының бастығы қаржы полициясының подполковнигі Қ.С.Жәрдемов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қолданылатын тәжірибелік шаралар туралы ақпараттық-түсіндірмелік дәрісін оқып, мемлекеттік органдар мен облыстық мекемелердің лауазымды тұлғаларын пара алу үстінде ұстау бейнематериалдары көрсетілді.
Сонымен қатар, семинарға қатысушыларды толғандырған сұрақтарға жауап беріліп, жаднамалар таратылды.
