Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған жастармен кездесу
А.ж. 5 тамызда Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында Департамент басшысы Б. Беспалинов мемлекеттік қызметке алғаш қабылдан жас мемлекеттік қызметшілермен кездесті.
Жұмыс барысындағы сабақтастық пен жастардың мемлекеттік органдардағы қызметке тез бейімделіп, үйреніп кетуін қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметтің жаңа моделін іске асыру үшін Департамент тарапынан нақты жұмыстар жүргізіліп отыр, атап айтқанда, 222 жас мемлекеттік қызметші тәлімгерлікпен қамтылған, 110 қызметкер сынақ кезеңін ойдағыдай өткеріп, облыстың мемлекеттік органдарында қызмет атқаруда.
Облыстың мемлекеттік қызметшілерінің орташа жас мөлшері 39 жасты құрайды, соның ішінде 25 % – 29 жасқа дейінгі жастар.
