Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызмет көрсетіп ел ықыласынан шығу!

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен «бір терезе» қағидасымен құрылған орталықтар 160 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша халыққа қызмет көрсетіп келеді. Соның бірі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 мамырдағы №538 қаулысымен бектілген  «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметі. Аталған қызмет түрі алу үшін орталықтарға немесе Электронды үкімет веб-порталына жүгіну қажет. ХҚКО –да төмендегі құжаттар тізімін ұсыну қажет:

  1. сәйкестендіру үшін баланың туу туралы куәлігі;
  2. мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат;
  3. мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің).

Қосымша ақпараттарды ХҚКО-нан, www.con.gov.kz, www.egov.kz сайттарынан немесе 1414 Бірыңғай байланыс орталығынан алуға болады. Әрбір тұтынушыға өз деңгейінде қызмет көрсету орталық қызметкерлерінің парызы.

 

Шу аудандық ХҚКО

Тел: 8/726-43/ 2-17-97,2-18-43

 
0
0
345

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызмет көрсетіп ел ықыласынан шығу! - Yvision.kz