Мемлекеттік қызмет ел игілігі үшін
Қазіргі таңдағы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып отырған жетім балалар санының көбеюі аянышты-ақ! Әйтсе де, біз оларға өз мейірімімізді төгуден еш аянған емеспіз. Осы тарапта мемлекет қорғаншы және қамқоршы жандар үшін мекеме табалдырықтарын тоздырмай, ұзын - сонар кезекте тұрмай «бір терезеден» өз жұмысын жеңілдетудің жолын қарастырып отыр. Осы арада жүрегінде мұңы бар сәбилерді жұбатып, қамқорлығына алған жандар үшін арналған келесі қызметіміз «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама алу». Анықтама алушы өзіне жақын орналасқан Орталыққа жеке басын растайтын құжаты мен баланың туу туралы куәлігімен келіп, бекітілген нысандағы өтініш толтыруы қажет. Қызмет тегін түрде көрсетіледі және құжатты тапсырған сәттен бастап 5 минут ішінде дайын болады.
Өз кезегінде құжаттарды қабылдау кезінде инспектор Орталықтың ақпараттық жүйесіндегі деректерді құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырып, түпнұсқаларды қызмет алушыға қайтарып береді.
Ал егер қамқоршының электронды цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, анықтаманы www.egov.kz порталы арқылы электронды нысанда алу мүмкіндігі де бар.
