Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік тілді меңгеру — борышымыз

Тіл мәселесі – қай кезде де, қандай болмасын қоғамдық құрылыс тұсында да тұғырынан түспеген, әлі де түспейтін толғақты тақырыптардың бірі. Өйткені, тіл – ұлт ұғымын анықтайтын алғышарттың айрықшасы әрі асқағы. Тіл мәселесі қазір де күн тәртібінен түскен емес. Тіліміз уақыт өткен сайын ұлықтанып, қанатын кеңге жая түсуде. Ең бастысы, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың қасиетті де қасіретті қазақ тілінің қазіргі халі мен болашағына қалтқысыз қамқорлықпен қарайтынды¬ғын¬да. Ондай ерен ерекшелік қол астында қызмет атқаратын біздерге ғана емес, қалың жұртшылыққа да жақсы белгілі. Елбасының бүгінде ел арасына кеңінен таралып кеткен «Тілге деген көзқарас – шындап келгенде, елге деген көзқарас» дегеннен бастап, «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» дегенге дейінгі аралықтағы алуан түрлі қанатты қағидалары осының айқын айғағы. Қазақта «Көш жүре түзеледі» деген даналық бар. Бағалы бастамамыз баянды бола түсуде. Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданылу аясына қойылатын талап былтырғы жылдың екінші жартысынан бері орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға да қойылып, олардың да мемлекеттік тілде іс жүргізуіне оң ықпалын тигізуде. Мемлекеттік тілді іс қағаздарын жүр¬гізуге кеңінен кіріктіру мақсатында бұл шаралардың сыртында тындырылып жатқан басқа да жұмыстар аз емес. Қорыта айтқанда, атқарылған жұмыстардың нәтижелілігін іргелі істеріміздің өз жемісін беретініне нық сенімдіміз.

Р.Бетжанов, А.Абдуллаев

Тараз қалалық Мамандандырылған ХҚКО инспекторлары

0
0
854

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік тілді меңгеру — борышымыз - Yvision.kz