Мемлекеттік тіл
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі – тіл мәселесі болып отыр. Халқымыздың халықтығының басты белгісі- тілі болса, оның көркеюі үшін әлі де талай жұмыстар жасалуы қажет. Қазіргі таңда барлық мемлекеттік органдарда іс жүргізу мемлекеттік тілде қалыптасуына үлкен мән берілуде. Барлық мемлекеттік органдар, бағынысты басқармалар және мекемелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізуліде. Қазіргі уақытта қоғамда мемлекеттік тілді білудің маңыздылығы мен қажеттілігін түсінушілік қалыптасып келеді .Мемлекеттік тілді үйрету орталықтарының желісін кеңейтіп, оларды әрбір қалада және аудан орталығында, жоғары оқу орындары мен өзге де мекемелерде құру керек... Оқытудың инновациялық формаларын батыл және кеңірек енгізу қажет деп атап көрсеткен болатын. ҚР Тіл комитеті бекіткен Типтік бағдарлама, бірыңғай Стандарт, ортақ Тұжырымдама негізінде мемлекеттік қызметшілерге деңгейлік оқыту арқылы қазақ тілінде еркін сөйлеп, жаза алатын құзыреті қалыптастырылуда. ҚР мемлекеттік басқару органдарында іс жүргізу мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен көшірілуі жүзеге асырылды. Ақмола облысының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша басқармасы 2011 жылдың 2 жарты жылдығынан бастап мемлекеттік органдардағы іс жүргізудің ахуалын ай сайын әр мекемеден шығатын құжаттардың қазақ тіліндегі үлесі. Сонымен айтылғандардың негізінде ҚР-ғы тіл саясатын іске асырудың басты шарттары ҚР Конституциясының, тілдер туралы заңнамасының сақталуы жөніндегі дәйекті шараларды жүзеге асыру, мемлекеттік тілді республиканың барлық азаматтарының еркін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдай жасалып жатыр. Осыған орай, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілді меңгеруді кеңінен жалғастыруы қажет. Сондай-ақ мемлекеттік тілдің қажеттілігін арттырып, білікті, кәсіби мемлекеттік қызметшілер ортасын қалыптастыру керек.
Орындаған:И.Попова
Тел: 2-16-93
