Мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу тәртібі туралы
А.ж. 14 қарашасында А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен бітіруші курс студенттерімен кездесу өткізілді.
Департамент басшысының орынбасары Р.Братаева өз сөзінде меритократия қағидасына, мемлекеттік қызметтің маңсаптық үлгісіне, мемлекеттік қызметшілердің үздіксіз білім алуына, тәлімгерлік және тағылымдама институттарына, қызметін тиімді атқарған мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың жаңа жүйесіне назар аударды.
Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының м.а. Г.Евниева кездесу қатысушыларын құқық қорғау қызметіне орналасу тәртібімен таныстырып, тестілеу бағдарламаларына егжей-тегжейлі тоқталды.
Кездесу барысында Департаментпен әзірленген мемлекеттік қызметке орналасу кезеңдерінің әр қадамын түсіндіретін видеоролик көрсетілді.
Кездесудің соңғы бөлігі «Сұрақ-жауап» форматында өтті, қатысушылар мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу жөніндегі сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауаптар берілді.
Іс-шараның аяғында қатысушыларға мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу тәртібі туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі брошюралар таратылды.
Іс-шараға 300 адам қатысты.
