Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жаңа стандарттары – сыбайлас жемқорлықты азайту кепілі
2016 жылғы 7 қазан күні қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру бойынша 2016 жылға арналған Кешенді жоспарын орындау мақсатында Мемлекеттік қызмет істерінің Ақмола облысы бойынша Департаментімен Мемлекеттік корпорация филиалдары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметтерді үйлестіретін бөлімшелер басшыларының, ҮЕҰ және бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жаңа стандарттары – сыбайлас жемқорлықты азайту кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы – мемлекеттік қызметшілер халықпен тығыз байланыста болатын жағдайдағы қоғамдық өмірдің бір ережесі ретінде тану.
Сонымен қатар, шара барысында мемлекеттік қызметтерді ұсыну барысында кездесетін проблемалар, сәулет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін стандарттарындағы өзгерістер сонымен қатар «Азаматтар үшін» үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мелмекеттік қызметтері талқыланды.
Іс-шараға 90-нан астам адам қатысты.