Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді стандарттау мен регламенттеудің мақсаттары:
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға тең қол жеткізуді қамтамасызету;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету;қызмет берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету жөніндегі қызметінің ашықтығын және есеп беруін қамтамасыз ету;
1.мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді одан әрі оңтайландыруды және автоматтандыруды қамтамасыз ету;
2.мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушылармен кері байланысты қамтамасыз ету; 
«бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
қызмет берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету бойынша қызметін мониторингілеу және реттеу.
3. Осы Қағида мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарттары мен регламенттерін әзірлеуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарттары мен регламенттеріне өзгертулер енгізуге қойылатын белгіленген бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын орталық мемлекеттік органдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсететін мемлекеттік қызметтер үшін әзірлейді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары әрбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін әзірленеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мемлекеттік қызметтер тізіліміне мемлекеттік қызметтерді енгізген күннен бастап үш ай ішінде әзірленеді және бекітіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес қысқа және қолжетімді нысанда жазылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын әзірлеу тетігі осы Қағидаға 1-қосымшада сызба түрінде ұсынылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасы мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.

 

«Халыққа қызмет көрсету орталығы»

РМК-ның Жамбыл облысы бойынша

филиалының №3 бөлім басшысы                                     Б.Ж.Рахимбердиев

   
0
0
1077

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы - Yvision.kz