Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру – мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімін арттырудың маңызды аспектісі
А.ж. 7 қазанда Көкшетау қаласында министрлігінің Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру бойынша 2016 жылға арналған кешенді жоспардың 19-тармағын орындау шенберінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жаңа стандарттары – сыбайлас жемқорлықты азайту кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара мемлекеттік корпорация филиалдары басшыларының, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметтерді үйлестіретін бөлімшелер басшыларының, ҮЕҰ және бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен (барлығы 85 адам) өткізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы занңаманың негізгі ережелерімен таныстыру, сыбайлас тәуекелдерді жоққа шығару мен әлеуметтік маңызды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну барысындағы әкімшілік барьерлерді болдырмау іс-шараның басты мақсаты болып табылады.
Дөңгелек үстел барысында департамент басшысының орынбасары Д. Хайруллиннің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметке бақылау», Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы В. Фелбелттің «Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарындағы өзгерістер», Ақмола облысы әділет департаменті басшысының орынбасары Г. Әкімованың «Әділет органдарымен көрсетілетін қызметтер» және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Ақмола облысы бойынша филиалы- «ХҚКО»департаменті бөлімінің басшысы А. Құсайыновтың «Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдері» тақырыптары бойынша баяндамалары тыңдалды.
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына бақылау бойынша қызметіне талдау нәтижесі бойынша келесі ахуал белгіленді: а.ж. 9 айы бойынша Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарымен және орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен 3 771 259 қызмет көрсетілді (өткен жылдың осындай кезенінде 3 625 684 қызмет).
Оның ішінде қағаз түрінде – 1 703 250, Мемлекеттік корпорация арқылы – 567 279, электрондық түрде – 1 500 730, оның ішінде ЭҮП (e.gov электрондық үкімет порталы) 154 268 және «Е- лицензиялау» МДБ ЫАЖ (мемлекеттік деректер базасының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі) арқылы 9 921 қызмет және көрсетілетін қызметті берушілердін ақпараттық жүйелері арқылы 1 336 541 қызмет.
Іс-шара қорытындысы бойынша ішкі бақылау қызметтерінің жұмысын күшейту және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету жөніндегі ұсыныстар әзірленді.

