Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау»

«Мемлекеттік  атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет  стандарты бойынша Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде дайын болады.
Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін мынадай құжаттарды  ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері көрсетілген белгіленген үлгідегі өтініш, әлеуметтік жеке кодтың нөмірі;
2) белгіленген үлгідегі отбасы құрамы туралы мәліметтер;
3) белгіленген үлгідегі отбасы мүшелері алған табыстары туралы мәліметтер;
4) белгіленген үлгідегі жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәліметтер.
Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы тоқсан сайын табыс туралы құжаттарды берумен расталып отырады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден:
1) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен асатын жағдайда;
2) мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ 1 және 2 топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға;
3) уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға бас тартылады.
0
0
426

Осы тақырып бойынша

«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» - Yvision.kz