Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алушыда электронды цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда тағайындалған мемлекеттік арнайы жәрдемақылар туралы ақпарат алу бөлігінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және рәсімделген құжаттарды беруді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың қалалық, аудандық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті ұйым бөлімшелері) және мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына мобильдік орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жол беріледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 5-бабы 2-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысымен бекітілген Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiнің негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында;
2) уәкілетті ұйымның www.gcvp.kz интернет-ресурсында;
3) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
4) орталықтардағы, уәкілетті ұйым бөлімшелерінің стенділерінде;
5) порталда орналастырылады.
Сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефоны және уәкілетті ұйымның call-орталығының (1411) телефоны бойынша алуға болады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
1) уәкілетті ұйым бөлімшесінде немесе орталықта: уәкілетті ұйым бөлімшесінің қолы қойылған қағаз жеткізгіште куәлік беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы немесе қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап;
2) порталда: мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау туралы ақпарат алу не қызмет көрсетуден бас тарту туралы мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау жөніндегі уәкілетті органның ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік арнайы жәрдемақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) орталық уәкілетті ұйым бөлімшесінде мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген сәттен бастап (құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыдан қабылданған осы стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттармен қоса хабарлама береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі уәкілетті ұйымның бөлімшесінде мемлекеттік қызмет алушының өтініші немесе мемлекеттік қызмет алушыдан қабылданған құжаттармен қоса хабарлама тіркелген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде.
Уәкілетті ұйымның бөлімшесі мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде алушыны немесе орталықты хабардар етеді.
порталда – мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау туралы ақпарат алу – уәкілетті ұйым бөлімшесінің ақпараттық жүйесіне сауал түскен сәттен бастап – 30 минуттан аспайды.
2) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін (тіркеу, талон алу кезінде) мемлекеттік қызмет алғанға дейін күтудің ең ұзақ шекті уақыты - 20 минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Жұмыс кестесі:
1) уәкілетті ұйым бөлімшелерінде: демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау: сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, бұл ретте сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін азаматтарды қабылдауды кезекші мамандар жүргізеді.
Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.
2) орталықта – мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электронды кезек» тәртібімен жүзеге асырылады.
Мобильді орталықтар орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады;
3) порталда – тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет мыналарда көрсетіледі:
1) тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйым бөлімшесінің жеке кіреберіс, күту залы бар, мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн қолайлы жағдайлар көзделген, қажетті құжаттарды дайындау үшін орындықтармен (отырғыштармен) және үстелдермен, ақпараттық стенділермен жабдықталған ғимаратында.
Уәкілетті ұйым бөлімшелерінің үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік талаптарына сай, күзет және өртке қарсы сигнализациямен жарақталған.
2) мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша орталықтың физикалық мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн қолайлы жағдайлар көзделген ғимаратында. Аумақтық органдардың үй-жайларында және орталықтың ғимаратында күту залы, ақпараттың стенділер бар.
3) порталда – жеке кабинетте.

0
0
729

Осы тақырып бойынша

«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты - Yvision.kz