Мемлекет жерге қамқорлықты күшейтеді

Қазақстанда топырақтың құнарлылығы күрт төмендеп кеткен. Еліміздегі егістік жерлердің жай-күйіне ұзақ жылдан бері зерттеу жүргізген Ауыл шаруашылығы министрлігі осындай байламға келіп отыр.
АШМ мәліметінше, 25 жыл ішінде гумус құрамы жоғары егістік жерлер көлемі 1,6 миллион гектардан 255,5 мың гектарға дейін азайды.
Қазіргі кезде Қазақстанда 24,2 миллион гектар жерге егіс егіледі. Бұл ретте мемлекет 2007-2014 жылдар аралығында 17 миллион гектарда немесе егістік алқаптарының жалпы ауданының 70,3%-да «егістік топырағына агрохимиялық зерттеу жүргізген». Қорытынды көңіл көншітпейді. Анықталғанындай, еліміздегі егістік алқаптарының ішінде гумус-құнары төмен топырақтар басым (72,9%). Жалғасы мұнда: iskernews.kz
