Мемлекет басшысы Мыс балқыту зауытында болды

Компания кәсіпорны жыл сайын 450 миллиард теңгенің әлемдік деңгейдегі өнімін өндіреді. Оларда 20 мың адам еңбек етеді, технологиялық база ұдайы жаңғыртылып отырады, тиімді жұмыс үшін барлық жағдай жасалған.
«Қазмырыш» ЖШС еңбек ұжымымен Мемлекет басшысының кездесуі өтіп, оған Өскемен қаласының 7 мыңнан астам металлургы, сондай-ақ Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинат пен Павлодар қаласындағы алюминий зауытының жұмысшылары телекөпір арқылы қатысты.
Жиналғандарға арнаған сөзінде Елбасы бұл кәсіпорын индустрияның тірегі, ал өңірдің металлургиялық зауыттары мен тау-кен байыту комбинаттары Қазақстанның мақтанышы екенін атап өтті. Жалғасы мұнда: iskernews.kz
