Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына мектепке дейінгі жастағы ( 7жасқа толмаған) балаларын кезекке қою мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Аудан тұрғындары мектепке дейінгі балалар ұйымдарына Мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларын кезекке қою үшін Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тегін мемлекеттік қызмет түрін пайдалана алады.Аталған қызмет түрін рәсімдеу үшін баланың ата-анасы немесе заңды өкілі ХҚКО-на келіп электронды цифрлық қолтаңба алуы керек.Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі кезекке қою болып табылады.Қызмет алу тәртібі электронды үкімет порталы арқылы атқарылады.Мемлекеттік қызметті алу үшін: ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат; баланың туу туралы куәлігі; мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат етіледі.Қызмет көрсетудің ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды.
Аудандық ХҚКО-ның инспекторы А.Катаева
