Мектеп қабырғасындағы жемқорлыққа қарсы мәдениет
А.ж. 5 сәуірде Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкері С. Беккажанова Ш. Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драмалық театрында өткен Көкшетау қ. №2 мектеп-лицейінің үздік және белсенді оқушыларының жыл сайынғы үшінші слетіне қатысты.
Слетке делегат ретінде оқу озаттары, республикалық ғылыми конкурстардың, халықаралық шығармашылық және спорттық сайыстардың, облыстық және қалалық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері, лицейлік сыныптарда оқитын және мектеп белсенділері болып табылатын 4-11 сыныптың 150 оқушысы келді.
Слет барысында №2 орта мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы, мектептің «Адал Ұрпақ» клубының белсенді қатысушысы Мейірбек Жақан өскелең ұрпақтың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған азаматтық қозғалыстың бір бөлігі болып табылатын клубтың жұмысы туралы баяндады.

