Мекенжай анықтамасын алу
Аталмыш мемлекетті қызмет түрін «Электронды үкімет» порталы арқыла алу мүмкіндігі бар. Ол үшін тұтынушыға ЭЦҚ болса болғаны.
1. Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
3. Жеке кабинетте «Қызметтерді алу тарихы» тарауында өңделген анықтамамен танысу және талап етілген жерге ұсыну.
*Порталында мекенжай анықтамасын тек жеке тұлғалар ғана ала алады. Онлайн-қызмет 2007 жылдың 13 тамызынан ерте емес кезеңде жазылған баланың тууы туралы жазба кесімі бар азаматтар үшін қолжетімді
Сонымен қарар бұл қызметті ХҚКО-да алу (қажетті құжаттар)
1. Жеке тұлғалар - тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат.
2. Заңды тұлғалар - сенімхат немесе алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын басқа да құжат, сондай-ақ оларға қатысты мекенжай анықтамаларына сұрау салынған жеке тұлғалардың тізімі.
Туысқандарына мекенжай анықтамаларын алу үшін:
1. туысқандық байланысын растайтын (неке туралы куәлік, туу туралы куәлік) құжаттың түпнұсқасы;
2. осы тұлғаға қатысты мекенжай анықтамасын алушыға беру үшін алушының жақын туысқандарын (ата-аналары, балалары, жұбайлары) қоспағанда, жеке заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған келісімі.
Ескерту. Кейбір жағдайларда мекенжай анықтамасында қате немесе толық емес ақпарат берілуі мүмкін – мекенжайдың қате берілуі немесе тіркеуге тұрған күн көрсетілмейді. Бұл жағдайда мекенжай мәліметтерін түзету үшін өтінім беруші ХҚКО-ға барып, өтініш толтыруы қажет. Қажетті құжаттар: жеке басын куәландыратын құжат, азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабының) түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Мекенжай анықтамасындағы мәліметтер толық болмаған жағдайда (мысал ретінде – тіркеуге тұрған күн көрсетілмеген) мемлекеттік мәліметтер базасына нақтылық енгізу үшін ХҚКО-ның көші-қон қызметіне жүгіну қажет.
