Медицина қызметкерлері арасында шахматтан турнир өтті

Шахмат - бұл біліктілік пен шапшаңдықты талап ететін спорт түрі. Оның басты мақсаты - ойлау, ой түю қабілетінің өсуіне өзіндік үлес қосу және салауатты өмір салтын насихаттау. Маңғыстаулық денсаулық саласының қызметкерлері үшін өз ақыл-ойың осындай қалыпта ұстау жақсы дәстүрге айналған. Шахмат турнирінде облыстың түрлі денсаулық сақтау мекемелерінің медицина қызметкерлері бас қосты.

Жалпы, жарысқа облыстың медицина мекемелерінің 17 қызметкері қатысып, 3 сағатқа созылған турнир соңында жеңімпаздар анықтады. Қорытынды ойын мен табанды күрестен кейін 1-орынды облыстық психикалық денсаулық орталығы есептік есепшісі Сәндібек Жұмаділов, 2-орынды Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесінің дәрігері Мирас Стуаниев, 3-орынды №3 Жаңаөзен қалалық емханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Оразбек Атабай және 4-орынды "№3 Жаңаөзен қалалық емханасының фельдшері Нұрсұлтан Бисенбаев иеленді.

Облыстық турнир жеңімпаздары шахмат турнирінің республикалық кезеңінде Маңғыстау облысының намысын қорғайтын болады. "Senim" кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалы төрешілік еткені үшін "Дебют" шахмат мектебінің директоры Анвар Шайхымовқа, сондай-ақ жарысқа қатысқан барлық қатысушыларға белсенді ойын көрсеткені үшін үлкен алғыс білдіреді.

