Медицина саласы ардагерімен канвассинг кездесу
«Nur Otan» партиясының Созақ аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Бейсен Іңкәр Әлібекқызы сайлауалды іс шаралар жоспарына сәйкес Таукент кентінің тұрғыны Әленова Тұмар Баймахановна апайымыздың шаңырағына арнайы барып, кездесу өткізді. Жанысова Тұмар - ұзақ жылдар медицина саласында, уран өндірісі саласында қызмет атқарып, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ана. Сонымен қатар қазіргі таңда халыққа кызмет көрсетіп, қаншама жанның алғысына бөленіп отырған жеке кәсіпкер. Апайымызды «Nur Otan» партиясының Созақ аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасындағы көрсетілген негізгі басым бағыттармен таныстырып өтті.
Атап айтсақ:
1.Экономикалық тұрақты аудан;
2. Ыңғайлы аудан;
3. Әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан;
4. Жастарға арналған аудан;
5. Мәдениеті мен тарихы бай аудан;
6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар;
7.Қауіпсіз аудан.
Кездесу барысында 10-қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясының ұстанған бағытын жақсы білетін апайымыз сайлауға қатысатындығын айтып, ақ батасын берді.
#NurOtan #ГолосуйЗаNurOtan #NurOtanДауысБер #JenimpazBol #BizBirgemiz #Tanday2021
