Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мамандандырылған ХҚКО — ел игіліг үшін! атты ашық есік күні өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен "Жаңа-Ру" жастар коалициясы мен "ХҚКО" РМКның Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен 14 сәуір 2014 жылы "ХҚКО" РМКның Жамбыл облыстық филиалы Мамандандырылған ХҚКО-да ашық есік күні өткізіді.

2013 жылдың 20 желтоқсан күнінен бастап Тараз қаласынында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады. Орталық Жол полициясының "Тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік нөмірлік белгіні бере отырып, автокөлік құралын тіркеу", "Жүргізуші куәлігін дайындау және беру" мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді. Сонымен қатар, Жолда жүру ережелері мен автокөлікті жүргізу бойынша теориялық және практикалық емтихандарды қабылдау жүргізіледі. Мамандандырылған "ХҚКО-ның" көлік жүргізу орнында автокөлікті жалға ала отырып жүргізуді үйретуге болады. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы Тараз қаласы, Төлеби көшесі 198 үйде орналасқан.


 
2
0
858

Осы тақырып бойынша

«Мамандандырылған ХҚКО — ел игіліг үшін! атты ашық есік күні өтті. - Yvision.kz