Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану жөніндегі қызметке лицензиялар беру

Мұнай саласы ауқымы кең, халықаралық жоғары деңгейлі сала. Мұнайды өндіріп қана қоймай, бұл саланың маңызды бөлігі мұнайды тасымалдау. Егер сіз бұл ауқымды да қызықты саламен айналысқыңыз келсе, онда өзіңізге жақын орналасқан ХҚКО – ға келу қажет. Орталықтан «Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану жөніндегі қызметке лицензиялар беру» мемлекеттік қызметін қолданасыз.
Дайын лицензияны ақылы түрде 15 жұмыс күні ішінде ала аласыз. Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарда жүзеге асырылады. Ал егер электрондық портал арқылы қызмет қолданған жағдайда, ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады. Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен операциялық залда «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады. 
Лицензия алу үшін келесі құжаттар тізімі қажет: 
- заңды немесе жеке тұлға үшін белгіленген нысандағы өтініш;
- лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
- қоршаған ортаны қорғау, қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi бағдарламалар мен iс-шаралардың;
- қазіргі заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып жұмыс істейтін өндiрiстiк объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бағдарламалардың; жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының); аварияларды жою жоспарының көшірмелері;
- осы мемлекеттік қызмет стандартына сай мәліметтер нысандары;
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөнінде кеңес қажет болса бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалуға болады. Байланыс республика аумағында тегін (1414).

"ХҚКО" РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы

Тараз қалалық №2 бөлімінің инспекторы

Ғ.Ахметова


0
0
352

Осы тақырып бойынша

Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану жөніндегі қызметке лицензиялар беру - Yvision.kz