Маңғыстаулық кикбоксшылар Грузиядағы «Қара теңіз кубогі — 2015» турнирінің жеңімпазы атанды
Грузиялық Батуми қаласында өткен «Қара теңіз кубогі — 2015» халықаралық турнирінде маңғыстаулық спортшылар жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды, деп хабарлады sports.kz.
Грузиядағы турнирге бірқатар мемлекеттен 300-ге тарта спортшыны жиналды. Чемпион титулы үшін Түркіменстан, Армения, Абхазия, Әзербайжан, Грузия, Түркия және Қазақстанның кикбоксшылары күресті.
Еліміздің намысын маңғыстаулық 24 спортшы қорғады.
Осылайша, 24 спортшының 12-сі чемпион атанды, 8-і күміс және тағы 4-уі қола алқаға ие болды. Құрама қоржынына алтын медальдарды: Ғани Әбілханов, Бекжан Жайлаубаев, Әділжан Тілекбай, Мұхтархан Доғыдырбай мен Әмір Әшіров. Жасөспірімдер арасында Өнербек Селбай, Жантілек Ұлағатов пен Темірбек Мәжіліс салып, чемпион атанды. Ал ересек ерлер арасында Жасұлан Нежімов, Жұбатқан Сайынов, Балтабек Өтебаев пен Айболат Мұратұлы алтын медаль иегері атанды.
Басты сөздер: Маңғыстау облысы , Спорт

