Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Маңғыстаулық ақ халатты абзал жандар Тәуелсіздік күніне орай марапатталды

Тәуелсіздік күніне орай Маңғыстау облысында "Senim" кәсіподағының төрағасы Сапарбек Дүйсеновтың төсбелгісімен, құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуға және кәсіподақ қозғалысының нығаюына қосқан үлесі үшін бірқатар денсаулық сақтау саласының үздіктері марапатталды.

Атап айтқанда, "Денсаулық сақтау кәсіподағының үздігі" төсбелгісімен Түпқараған орталық аудандық ауруханасының фармацевті - Қамысбаева Салқын Мекебайқызы, облыстың бас балалар хирургі, облыстық көпбейінді балалар ауруханасының балалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі - Тұмашев Сұлтанбек Мирханұлы және облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігері - Сакишев Вячеслав Якупович марапатталды.

Құрмет грамотасымен марапатталғандар қатарында облыстық стоматологиялық орталығының директоры - Машырықов Қуат Сағидоллаұлы, Түпқараған орталық аудандық ауруханасының директоры - Шалабаева Гүлшат Бақытқызы, "Еркемед"емханасының бас дәрігері - Серік Қасым Төреханұлы, - № 2 Ақтау қалалық емханасының директоры - Байғожаев Жарас Мұсағалиұлы.

Сондай-ақ, бірқатар дәрігерлер, орта және кіші буын медицина қызметкерлеріне "Senim" кәсіподағының атынан грамоталар және алғыс хаттар табысталды. Ардагерлер, белсенді медицина қызметкерлері және мерейтой иелері ақшалай сыйақылармен ынталандырылды.

ҚР Тәуелсіздік күніне орай барлығы 50-ден астам кәсіби маман марапатталды. "Senim" кәсіподағы облыстық филиалының төрағасы Сәкен Мырзақұлов өз әріптестеріне мықты денсаулық, табыс, отбасыларына амандық, Маңғыстау халқының денсаулығын сақтау және нығайту ісінде кәсібилік пен еңбексүйгіштікті ұштастыратын жемісті жұмыс тіледі.

Барлық отандастарымызды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймыз! Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде біздің еліміз, соның ішінде медицина саласы айтарлықтай жетістіктерге жетті. Еліміздің барлық жетістіктері мен табыстары – өз Отанының тағдыры үшін ортақ жауапкершілікпен біріккен барлық қазақстандықтардың бірлігінің нәтижесі. Отбасыларыңызға бейбітшілік пен келісім және мықты денсаулық тілейміз!

1
0
518

Осы тақырып бойынша