ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Маңғыстауда қайта қан тапшылығы сезілуде.

Жалпы қан құю өмірге сәби келгенде, жол-көлік оқиғасына түскендерге және тағы басқа да апаттардан зардап шеккендердің өмірін сақтайды, сонымен бірге ағзасы ауыр аурулармен, атап айтқанда, қатерлі ісікпен күресетін адамдарға ауадай қажет.

Бүгінде теріс факторы бар бірінші, екінші және үшінші топтағы қанның болмауы біраз қиындық туғызып отыр. Сондай-ақ, тромбоциттер донорлары қажет. Әрбір адам облыстық қан орталығына келіп, донор бола алады. Алайда соңғы уақытта сауапты іске ат салысуға дайын тұрған белсенділер азайғандығы байқалады.

Бірақ, қанға сұраныс күн санап арта түсуде. Сол себепті облыстық қан орталығы ерікті донор болатын жандарды күтеді. Мамандар қан тапсырып тұру адам ағзасына пайдалы екенін айтады. Әсіресе, қан-тамырлар ауруына шалдықпауға септігін тигізеді және қан қысымын төмендетеді.

Қанды үйде жатып онлайн режимде тапсыра алмайды. Сол себепті қан орталығына аяқтай келуге тура келеді. Орталыққа таңертеңгі сағат 09.00 мен күндізгі 13.00 аралығында келуге болады. Мекенжайы: Ақтау қаласы 34 ш/а орналасқан. Донор болғысы келетіндер болса күні бұрын дайындалып келгуге кеңес береміз. Кешкі сағат 18.00-ден кейін майлы тамақ жеуге болмайды. Сұйық тағамды ішіп, жақсы демалып келген дұрыс. Таңертең сүтсіз шәй ішуге және піспенан жеуге болады. Әрбір келуші бетперде, бахила және медициналық қолғаппен қамтамасыз етіледі.

Негізінен қан және оның компоненттері облыстық және қалалық перинаталдық орталықтарға, онкологиялық диспансер, облыстық және көпбейінді балалар ауруханасында ем алып жатқан науқастарға аса қажет.

Қан тапсыру адамның ағзасына оң нәтиже береді. Қорқатын ештеңесі жоқ. Кейбір адамдарда қате түсінік бар, яғни қан тапсырғанда иммунитет түсіп кетеді деушілер көп, алайда қан тапсырған адамның иммунитеті керісінше көтеріледі. Адам бойында жаңа клеткалар пайда болып, қан жаңарады. Сол себепті сауапты істен құр қалмайық.