Мұсабек ауылдық округінің әкімі Жандос Жұмағұлов "Алаң" ЖШС-ның еңбек ұжымымен кездесіп қайтты
Бүгін яғни желтоқсанның сегізінші жұлдызы Мұсабек ауылдық округінің әкімі Жандос Жұмағұлов "Алаң" ЖШС-ның еңбек ұжымымен кездесіп қайтты. Ондағы басты мақсат жеке шаруашылықтың атқарған жұмыстары жайында білу еді. Аталған шаруашылық мал өсірумен қатар егін егумен де айналысады.
