Мүмкіндігі шектеулі I-II топ мүгедек азаматтарға қызмет көрсету тәртібі
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының №2 бөлімінде, Мүмкіндігі шектеулі I-II топ мүгедек жандарға қызмет көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйлерінен Call центр орталығына 1414 нөміріне тегін қоңырау шалып өзіне қажетті мемлекеттік қызметтерге өтініш бере алады. Call центр орталығының кеңесшісі 10 минуттын ішінде тұтынушының Т.А.Ә қабылдау күнін, мемлекеттік қызмет түрін, тұрақты тұратын жерін, байланыс телефонын базаға енгізіп, өтінішін қабылдап, тұтынушығы мемлекеттік қызмет алу үшін қандай құжаттарды ұсыну керектігін айтады. Call центр орталығының кеңесшісі РМК-ның Халыққа қызмет көрсету орталығыныңжауаптықызметкерінежібереді.
Мүмкіндігі шектеулі 1-2 топ мүгедек азаматтарға жауапты маманы келіп түскен өтініш иесіне хабарласып баратын уақыты мен келісіп, алынып жатқан мемлекеттік қызмет түріне қандай құжаттардын керек екендігі туралы толық мағлұмат беріп 72 сағаттың ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардын үйлеріне барып Халыққа қызмет көрсету орталығы ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бағдарламасы арқылы қабылданып дайын болған құжаттарды ХҚКО қызметкерлері апарып береді. Тұтынушының келісімімен Электронды Үкімет Порталы арқылы берілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Тараз қалалық №2 бөлім инспекторы
А.Д.Куримбекова.
