Мәңгілік ел бастауы – рухани жаңғыру
А.ж. 12 қазанда Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы С. Беккажанова Ақмола облысы білім беру басқармасы ұйымдастырған «Мәңгілік ел бастауы – рухани жаңғыру» атты семинарға қатысып Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндады.
Семинарға Ақмола облысының аудандық және қалалық білім бөлімдерінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскерлері мен мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасардары қатысты.
Қазіргі таңда Бағдарламаны жүзеге асыру аясында облыста 4172 оқушы 495 «Адал ұрпақ» клубының мүшесі, 572 «Парасатты азамат» бұрышы жұмыс істейді.
