Ұлытау баурайындағы тарихи сұхбат енді кітап болып елге тарайды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің қарсаңында «Егемен Қазақстан» газеті қазақстандықтарға лайықты тарту жасап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылғы тамыз айында Ұлытау төрінде отырып берген сұхбаты туралы басылым бетіне жарияланған барлық пікірлер мен ой-толғаныстардың басын біріктіріп, «Ұлт ұясындағы ұлағат» атты жинақты оқырман қауымға ұсынды.
Кеше Астанадағы академиялық Ұлттық кітапханада осы кітаптың тұсаукесер рәсімі болды. Тұсаукесерге кітапқа мақалалары мен пікірлері енгізілген ұлтымыздың бір топ аймаңдай азаматтары қатысты. Соның ішінде академик Серік Қирабаев, халық әртісі Асанәлі Әшімов, белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар Уәлихан Бишімбаев, Ғарифолла Есім, Әділ Ахметов, Дихан Қамзабек, Жүрсін Ерман, Намазалы Омашев және т.б болды.
