Ұлыбритания, Венесуэла және Сеулді жайлаған жайсыздық

Еуропаның оңтүстігінен басталған қаржы дағдарысы Ұлыбританияны да шарпыды. Гректер сияқты ағылшындар да мемлекеттік қарызды өтеу қиындықтарымен бетпе-бет келіп отыр. Өткен аптада «Moody’s Investors Service» агенттігі Еуропадағы бірнеше мемлекеттің рейтингін төмен түсіріп тастады. Көрсеткіштері құлдыраған елдердің қатарында Ұлыбритания да бар. Сарапшылар бұған әсер еткен екі факторды атайды. Біріншіден, корольдіктің бюджет тапшылығын қысқарту және мемлекеттік қарыздарды азайтуға бағытталған жоспарлары нәтиже бермеуде. Екіншіден, Еуропаны алқымнан ала бастаған рецессия британ экспортына сұранысты төмендете бастаған. Экспорт Ұлыбритания үшін экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күші болғандықтан, ағылшын тауарына сұраныстың кемуі өндірісті тұралатуы мүмкін. Өндірістің азаюы ІЖӨ көлемінің өсімін де тежейтіні анық. Жалғасы мұнда: iskernews.kz
