"Ұлы даланың жеті қыры" атты тақырыпта кездесу
"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында, "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында "Ұлы даланың жеті қыры" атты тақырыпта Үлкеншыған ауылының кітапханасының ұйымдастыруымен Атқа міну және атты баптау туралы Үлкеншыған ауылының тұрғыны Оразымбек Айбайбекұлымен кездесу өткізді. Тарихтан білеміз, Исатайдың Ақтабаны, Қобыландының Тайбурылы сияқты небір сәйгүліктер болған. Көкпар, аударыспақ сияқты ұлттық ойындар жастарды кішкентай кезінен бастап әскери өнерге бейімдеген. Кішкентай кезінен атқа мініп өскен бала ешқашан ауырмайды.
Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында атқа міну мәдениетіне де ерекше тоқталып өтті. Өйткені жылқы мен адам арасындағы қарым-қатынастың тарихы Қазақстан аумағының теріскейіндегі жазық даласында басталып, адамзаттың тағдырын түбегейлі өзгертті. Қамбар ата төлін қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды.
