"Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында
"Nur Otan" партиясы Панфилов ауданы филиалы, "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында. Шолақай ауылдық кітапханада «Ерікті елім Қазақстан » атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырманға тұрақты қызмет көрсетуде көрмеде «Дамудың ертеңін айқындаған бағдарлама», «Мәңгілік ел идеясы-ұлттың ұлы мұраты» т.б тақырыптар қамтылған. Көрменің мақсаты: Отанын сүюге, Қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, отанға туған жерге деген патриоттық сезімін арттыру өз елінің тарихын білуге, жалпы адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау; жалпы адамзаттық мәдениет аралық білімдерін арттыру. Сонымен қатар "Тәуелсіздік ұлттық өрлеудің ұлы күші" атты әдеби кеш өтті. Кеште Төкен Аружан,Тұрсынғали Әсем,Бердіқожа Қарақат,Тұрсынғали Балерке Тәуелсіздік тақырыбында өлеңдер оқыды.
#Ұлттықмұра
