Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында

"Nur Otan" партиясы Панфилов ауданы филиалы, "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында. Үлкеншыған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен, "Қазақстандағы ұлт- азаттық көтерілісінің батырлары" атты ақпаратты сағатты ұсынамыз. Ұлт - азаттық көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартыпты алуы орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгінің мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерліуіне себеп болды. Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өллкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттер майданға жұмысқа алынатын " қара тізімге" қосты. ал байлар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. Мәселен 60 жастағы кедей шалдарды 30 жаста болып, 25- 30 жастағы бай балаларын 50 жастағы болып жазылды.

Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.

Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды.

#Ұлттықмұра

0
0
335

Осы тақырып бойынша

"Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында - Yvision.kz