Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысы жөнінде брифинг өткізілді

А.ж. 24 қазанында Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Р.Братаеваның қатысуымен брифинг өтті.Өз баяндамасында Р.Братаева 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының Бірінші институционалдық реформасын жүзеге асыру, облыстағы мемлекеттік қызмет кадрларының жағдайы және ауысушылығы, мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан, сынақ мерзімінен және тәлімгерліктен өтуі, мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерінде байқаушылардың қатысуын қамтамасыз ету туралы айтып өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке жас мамандардың орналасу динамикасының жақсарғанына, мемлекеттік қызметшілердің маңсаптық өсуінде мемлекеттік органдарда меритократия қағидасының сақталуына тоқталды.
