Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Лондон Олимпиадасының жүлдегері боз кілемге қайта оралды

Гүзел Манюрова

Осыдан жарты жыл бұрын өзімен сөйлескенімізде, «алты айдан кейін күресті қайта жалғастырамын» деген еді, енді міне Польшаға балуандарымызды бастап қана бармай, өзі де боз кілемге шықты.

Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Гүзел Манюрова боз кілемге қайта оралды. Польшаның Спала қаласында өткен Poland open халықаралық додасына қатысқан Гүзел 72 келі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, күміспен күптелді.

Айта кетейік, ақтық айқаста Манюрова канадалық Эрика Вьебеден жеңіліп қалды. Өз кезегінде Эрика финалға дейін ресейлік Наталья Воробьеваны тізе бүктірген. Естеріңізде болса, Лондон Олимпиадасында Манюрова осы ресейліктен жеңіліп қалған болатын. Дегенмен, Гүзел бапкерлікті де тастамайды. Бұған дейін боз кілемге өткен жылы Канададаөткен әлем чемпионатында шығып, күміспен күптелген ол содан кейін бапкерлікке біржола кіріскен. Бірақ осыдан жарты жыл бұрын өзімен сөйлескенімізде, «алты айдан кейін күресті қайта жалғастырамын» деген еді, енді міне Польшаға балуандарымызды бастап қана бармай, өзі де боз кілемге шықты. Сонымен қатар, Манюровадан бөлек, 48 келіде Татьяна Аманжол да осы турнирде екінші орыннан көрінді.

Айтпақшы, осы додамен қосамжарлана Спалада еркін күрестен «Циолковский мемориалы» да өткен-ді. Балуандарымыздан тек Таймұраз Тигиев қана жеңіс тұғырынан көріне алды. 96 келіде белдескен Таймұраз ақтық айқаста украиналық Павло Олейникті тізе бүктірді.

 

Алаштың Аренасы

 
0
0
356

Осы тақырып бойынша

Лондон Олимпиадасының жүлдегері боз кілемге қайта оралды - Yvision.kz