Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Әлихан Жолы» Семей қаласында

Биыл БҰҰ-ның Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) Басты конференциясының 38 сессиясында  Ә. Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойын тойлау ұсынысын қабылдады. Осы шешімге негізделе отырып, Павлодар облысы жастар саясаты басқармасының «Жастар Бастамаларын Дамыту Орталығы» КММ-сі «Әлихан жолы» атты республикалық жеті күндік саяхатқа аттанған болатын. «Әлихан Жолы» делегациясы маусым айының 7- сі күні Павлодар қаласынан жолға шығып, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласына келіп тоқтады.

Экспедиция ұжымының осы өлкеге тоқтаған себебі, Алаш Орданы құрғаны тарихтан белгілі. М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж меңгерушісі: Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы ыстық ықыласпен қарсы алып, оқу орнымен таныстырды. Жоба жетекшілерімен бірге Мұхтар Әуезовтің ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтары қойылды. Оқу орнының студенттерімен кездесу өтті.

«Алихан жолы» жобасының ұйымдастыруымен қала жастары шағын концерт тамашалады.   Семей қаласындағы Әлихан Бөкейханов атындағы паркіне барып, естелік суретке түсті.

 
1
0
1755

Осы тақырып бойынша

«Әлихан Жолы» Семей қаласында - Yvision.kz