Ұлдана Қуандыққызының Азаматтарды жеке қабылдауы болды
"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған «Қайырымды 30 игі іс», «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында Аудандық мәслихат депутаты БЕГІМБЕКОВА Ұлдана Қуандыққызының Азаматтарды жеке қабылдауы болды. «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдіріп келген 5 отбасының мәселесі қарастырылды. 1.Жұмыссыз қалған азаматшамызға жұмысқа орналасуына ықпал етіп, бір тонна көмір алуына көмек көрсетті.
2. Үш балалы, 2 жалғыз басты азаматшамызға отын көмір алуына көмек көрсетті.
3. Қабылдауға жазылған тағы бір жалғыз басты Анаға тұрғын үй мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бағыт -бағдар берді. Нәтижесінде барлық қарастырылған мәселелер оңтайлы шешілді.
Отбасылар өз тарапынан шексіз алғыстарын білдірді.
