«Латын әліпбиі болашақтың бағдары»
Семинарға аудандық мектептердің мұғалімдері және кітапханашылар мен мектеп оқушылары «Zoom» бағдарламасы арқылы қатысты. Тренинг барысында латын әліпбиінің қазақ тілін дамытудағы маңыздылығы, өзектілігі жайы жан-жақты талқыланды. Онлайн шараға қатысушылар семинар соңында «Латын қарпіндегі басылымдар» яғни қазіргі кітаптар туралы өздерінің пікірлерін ортаға салып, латын графикасына көшу рухани жаңғыруымыздың жарқын бір көрінісі дей келіп, мұндай құндылықтардың болашақта өздерінің қажеттіліктеріне пайдалану мүмкіндіктері бар екенін ризашылықпен жеткізді.
